Web Content Display

Web Content Display

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.

1994-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.
1996-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1997-1998 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.
1998-1999 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.
1999-2002 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.
2002-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры.
2003-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.
2006-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.
2007-2010 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 877 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2017 жылғы 27 маусымдағы №268 шешімімен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
    «Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.