Web Content Display

Web Content Display

Тасжүреков Ербол Қуанышұлы

Басқарушы директор - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі

1979 жылы 25 маусымда туған.

Білімі:

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша, Х.А. Яссауи атындағы Мемлекеттік Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесі беріліп және Франция Әкімшілігінің Ұлттық мектебін мемлекеттік саясат магистрі дәрежесі беріліп (Болашақ бағдарламасы) бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық және басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы 26 сәуірден бастап «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайланды.