Мансап

ХАБАРЛАНДЫРУ

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдары үшін тәуелсіз директорлардың кадрлар резервін қалыптастырады.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары қосымшаға сәйкес анықталады.
Сыйақы шарттары – ақылы негізде.
 
Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдарының тәуелсіз директорларының резервіне өту үшін кандидаттар мынадай құжаттар тапсыруы тиіс:
1. кандидаттың өтініші еркін үлгіде;
2. кандидаттың резюмесі (толық мазмұнды);
3. кандидаттың жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі*;
4. білімі туралы құжаттың көшірмесі*;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
6. ұсыныс хаттар (қолда бар болса)*;
7. сотталмағандығы туралы уәкілетті органның анықтамасы (ХҚО-дан алынады).
 
Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде тапсырылады, резидент емес тұлғалар құжаттарды өзге тілдерде де тапсырады.
Ақпаратты нақтылау мақсатында Холдинг кандидат ұсынған құжаттардың растығына тексеру жүргізе алады**.
Құжаттар мына мекен-жайы бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 24, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, 803/1 кабинет.
 
*кадрлар бөлімімен расталады
**туған жерін де көрсетуді сұраймыз (ауыл, аудан, облыс, мемлекет) және тұрғылықты жерін (ауыл, аудан, облыс, мемлекет).