Корпорация туралы

 

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 2001 жылы құрылды

   Қазіргі таңда Корпорация 2017 жылғы 14 ақпандағы № 42 ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында айқындалған ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша кредиттеу бағдарламаларын іске асырушы АӨК дамыту саласындағы қызметпен айналысатын ірі қаржы ұйымы болып табылады.

         

   Корпорацияның миссиясы – жеке қаржы институттарын тарту және АӨК субъектілерінің құзыретін арттыру арқылы қол жетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру жолымен Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытуына ықпалдасу болып табылады.

 

Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялары тобының құрамына кіреді және өзінің кең ауқымды қызметін оның тікелей басшылығымен Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан 16 филиал мен 1 өкілдік арқылы жүргізеді.   

 

2001 жылдан бастап Қазақстанда 20 мыңға жуық АШТӨ басын қосқан 202 кредиттік серіктестік құрылды. 17 жыл ішінде кредиттік серіктестіктер арқылы фермерлерге 288 миллиард теңгеге 40 мыңнан астам кредит берілді. 

    Қызмет түрлері

  • тиісті лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын іске асыру;

  • кредиттеу жолымен ауыл шаруашылығы секторын қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

  • отандық және шетел инвестицияларын тарту;

  • агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

  • лизингтік қызметті іске асыру;

  • холдингтік қызметті іске асыру;

  • қаржы институттарын қорландыру.

   ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР (1.08.2019 жылға): 

    Меншікті капитал – 149,2 млрд теңге.

    Активтер – 480,5 млрд теңге.

    Несие қоржыны – 402,9 млрд теңге.

Web Content Display

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БЛОГЫ

 

 

Құрметті сайт қонақтары!

«Аграрлық несие корпорациясы» ұжымы атынан Сіздерді біздің сайтымыздан көруге қуаныштымын! Біздің қарыз алушылар, серіктестер мен БАҚ өкілдеріне қатысты ұстанатын қағидамыз бір - ол ашықтық пен айқындық. Жеке блогыма Сіздердің сұрақ қойып, компания жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарыңызды жолдауларыңызға болады. Сіздің әрбір сауалыңыз немесе пікіріңіз ескерусіз қалмайды. Ынтымақтастығымыз сәтті де жемісті боларына үміттімін!

Дәрібаев Мұрат Аманкелдіұлы

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы

 

Блог

 

Сулейменова Гулназ Алимбековна
03.05.2018

Здравствуйте Нармухан Калмаханович! Наше кредитное товарищество было создано и зарегистрировано в ...

Азешов Нурлан Сапарбекович
14.06.2017

Когда в закупках будет указываться выделенная сумма? Все время приходиться смотреть План закупок. ...

visitor@kazagro.kz
08.12.2013

Ассалаумағалейкум! Менің сұрағым осы «Сыбаға» жобасы қай жылға дейін ұсынылған? Яғни осы «Сыбаға» ...

Web Content Display

Сельско хозяйственная кооперация СЕМЕНОВОДСТВО АГРОПЕРЕРАБОТКА ИНТЕНСИВНОЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПЕРЕВООРУЖЕНИЕ АПК КАРДИНАЛЬНАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ АГРАРНОЙ НАУКИ ПРОИЗВОДСТВО ГОВЯДИНЫ ПОВЫШЕНИЕ ЭФФЕКТИВНОСТИ ФИТОСАНИТАРНЫХ МЕРОПРИЯТИИ ОТГОННОЕ ОВЦЕВОДСТВО ОПТОВО-РАСПРЕДЕЛИТЕЛЬНЫЕ ЦЕНТРЫ ВОВЛЕЧЕНИЕ ПАШНИ В ОБОРОТ АГРОХИМИЯ КОРМОПРОИЗВОДСТВО СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕР ГОСПОДДЕРЖКИ