Credit Menu

«Агротехника» БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Кредиттеу шарттарының параметрлері

Кредиттеу шарттары

Сату арналары

КС

ЛК

Нысаналы мақсаты

Төмендегі үшін кейіннен АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін КС/ЛК кредиттеу:

ҚР ҰҚ:

-  жаңа, отандық өндіріс, тіркемелі және аспалы топырақ өңдеу, азық дайындау техникасын, ауыл шаруашылығы дақылдарын кеулей қазып алу және кептіру жабдығын, мал шаруашылығына арналған жабдықты сатып алу

ӨҚ/ТҚ:

жаңа ауыл шаруашылығы техникасын/арнайы техниканы/автокөлікті және/немесе аспалы/тіркемелі жабдықты сатып алу (жеңіл автокөлігін қоспағанда)

Кредиттеу мөлшерлемесі

ҚР ҰҚ:

-  жылдық 2,5% (СЖТМ – жылдық 2,5% бастап) (соңғы қарыз алушылар үшін – жылдық 5,5% артық емес)

ӨҚ/ТҚ:

-  жылдық 9,5% дейін (СЖТМ – жылдық 9,5%) (соңғы қарыз алушылар үшін – жылдық 15% артық емес)

-  жылдық 11% дейін (СЖТМ – жылдық 11 % бастап) (соңғы қарыз алушылар үшін – жылдық 15% артық емес)

Кредит желісінің/кредиттің мерзімі

ҚР ҰҚ:

– 60 айға дейін.

СС/ПС:

-  ауыл шаруашылығы техникасын/арнайы техниканы/автокөлікті сатып алу (жеңіл автокөлігін қоспағанда) – 84 айға дейін;

-  аспалы/тіркемелі жабдықты сатып алу – 36 айға дейін

Валютасы

теңге

Сомасы

100 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін

1 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін (УО шешімімен белгіленген ЛК тәуекел сомасынан артық емес)

НБ өтеу бойынша жеңілдікті кезең

12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

1.    Кепіл саясатына сәйкес.

2.    Сатып алынатын жаңа, отандық өндіріс, тіркемелі және аспалы топырақ өңдеу, азық дайындау техникасы, ауыл шаруашылығы дақылдарын кеулей қазып алу және кептіру жабдығы, мал шаруашылығына арналған жабдық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы/арнайы техника/автокөлік және/немесе аспалы/тіркемелі жабдық (жеңіл автокөлігін қоспағанда) кепілге 1,0 өтімділік коэффициентін қолданумен қабылданады.  

1.   Кепіл саясатына сәйкес.

2.   Қамтамасыз етусіз – халықаралық рейтинг агенттіктерінен S&P Global және/немесе Fitch Ratings шәкілі бойынша «B-»-ден төмен емес және/немесе Moody`s Investors Service шәкілі бойынша B3 төмен емес рейтингі болған жағдайда;

3.   Талап ету құқығының кепілі/лизинг мәнінің кепілі арқылы/талап ету құқығын басқаға беру келесі талаптарға сәйкес болған жағдайда:

-  лизинг қызметі және/немесе ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу мен қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес болуы тиіс, меншік иелері қаржы қызметінде және/немесе ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу мен қызмет көрсетуде 5 (бес) жылдан кем емес тәжірибесі бар, жоғарыда аталған компаниялардың жарғылық капиталға 50% кем емес қатысуы бар компанияларды қоспағанда;  

-  меншікті капиталдың мөлшері 200 000 000 теңгеден кем емес;

-  өтімділік коэффициенті – 0,5;

-  ағымдағы мерзімі өткен берешектің болмауы;

-  әр қарыз бойынша және/немесе кредит желісінің аясындағы жеке әр қарыз бойынша соңғы 3 (үш) жылда 30 күнтізбелік күннен артық жиынтық мерзімі бар мерзімі өткен берешектің болмауы;

-  соңғы 12 айдағы NPL деңгейі несие қоржынының 10% аспауы тиіс; 

-  қаржыландыру лимиті – 3 меншікті капиталдан артық емес;

-  лизинг мәнін міндетті сақтандыру;

-  лизинг алушының бастапқы жарна мөлшері ҚЛШ бойынша лизинг мәні құнынан 15% кем емес құрауы тиіс. 


  

 

Қазақстан бағалаушылар ассоциациясынан» хат

"СҚО бойынша кәсіби бағалаушылар Палатасынан" хат

 

On-line режимінде кредитке өтініш беру