"ҚазАгроӨнім" АҚ-ның ұжымы пенсияға шыққан бұрынғы қызметкерлерін мерекелермен құттықтады

"ҚазАгроӨнім" АҚ-ның ұжымы, Басқарма төрағасы Жауымбаев Қанат Сағындықұлы және Басқарма төрағасының орынбасары Байханов Асаин Куандыкович атынан, "ҚазАгроӨнім" АҚ-ның Әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кәсіби мереке қарсаңында, сондай-ақ 2017 жылғы 01 қарашада өткен Халықаралық қарттар күнімен, пенсияға шыққан ұйымның бұрынғы қызметкерлерін құттықтады.

"ҚазАгроӨнім"АҚ-ның ұжымы атынан, көп жылғы адал еңбегі және  мал шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлестеріне алғыс білдіріп, Дауылбаев Онғар Дауылбайұлы және Татаев Ғалихан Байпақұлы зейнеткерлеріне Қаржы департаментінің директоры Шайхудинов Әсет Сәбитұлы және Коммерция департаменті директорының орынбасары Шәкенова Зүлфия Амангелдіқызы құттықтау себеттерін тапсырды.

Өскелең ұрпақтың еліктеуі үшін лайықты құндылықтарды қалыптастыра отырып, үлкенге ұқыпты және құрметпен қарау Қазақстан халқына тән ерекшелік болып табылады.

Құрметті Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен аға буын өкілдері, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық қуаныш, құт-береке, игілік тілейміз! Шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

                               


Артқа