Азықтарды және ауыл шаруашылығы жануарлары қанының биохимиялық талдауын тегін зерттеу

Азықтарды және ауыл шаруашылығы жануарлары қанының биохимиялық талдауын тегін зерттеу

«Аманат» бағдарламасының барлық қатысушыларының назарына!

ҚР АШМ баспасөз қызметі Республикалық ветеринарлық зертхананың азықтарды және ауыл шаруашылығы жануарларының қанының биохимиялық талдауын тегін зерттеуді жүргізу бойынша акциясы туралы хабарлады. 

Ағымдағы жылдың шілдесінде бекітілген АӨК дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында мал шаруашылығы аса маңызды бағыт болып табылады. Азықтардың сапасы мен қауіпсіздігі мал шаруашылығының өнімділігі үшін маңызды фактор болып саналады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының азықтарының рационын теңгеру үшін азықтардың химиялық талдауы мен азықтық құндылығын ғана емес, сонымен бірге жануарлар қанының биохимиялық көрсеткіштерін білу маңызды. Зерттеулер барысында жануарларда зат алмасудың шынайы көрінісін көруге болады.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен фермерлер азықтардың (азықтардың құрғақ түрлері, оның ішінде дәнді дақылдар, күріш, рапс, соя ұны, жом, күнжара және басқалар) сынамасын азықтардың көрсеткіштерін (май, ылғалдылық, күлдік, протеин, жасұнық, крахмал, қауіпсіздік параметрлері) зерттеуге және қан сынамаларын (гемолизденбеген сарысу немесе қан плазмасы) аспартатаминотрансферазалар (АСТ), аланинаминотрансферазалар (АЛТ), альбумин, жалпы билирубиннің шоғырлануын, глюкозаның, темірдің, кальцийдің, магнийдің, несеп қышқылының, несепнәрдің, жалпы ақуыздың, фосфордың, холестериннің, сілтілі фосфатазаның шоғырлануын анықтау тәрізді қанның биохимиялық көрсеткіштерін анықтау үшін жібере алады.

Акция ағымдағы жылдың соңына дейін созылады.

Сынамалар РВЗ 17 облыстық және өңірлік филиалдарында кестеде келтірілген мекенжайлар бойынша қабылданатын болады. Сондай-ақ РВЗ зерттеулер жүргізу үшін жауапты мамандарының байланыс нөмірлері көрсетілген.

№ р/р

Филиалдардың атауы

Жауапты маманның байланыс нөмірі

Мекенжай

1

Ақмола

8-716-2-55-11-57

Көкшетау қ., Куйбышев к-сі, 112

2

Ақтөбе

8707-197-9296

Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 11

3

Алматы

7707-123-1112

Алматы қ., Райымбек д-лы, 221Б

4

Атырау

87122 55 60 74

Атырау қ., Лесхоз шағын.ауд.49А

5

Шығыс Қазақстан

8-777-318-19-29

Өскемен қ., Новая Согра кенті,  Вешний қиыл.,14

6

Жамбыл

8707-887-0142

Тараз қ., Пушкин к-сі, 142

7

Батыс Қазақстан

8775-983-9508

Орал қ., Жәңгірхан к-сі, 35

8

Қарағанды

87212-558953

Қарағанды қ.,  Дубовская к-сі,42

9

Қостанай

871455-49987

Қостанай қ., Заречное а.,Юбилейная к-сі, 5А

10

Қызылорда

8-701-898-34-24

Қызылорда қ.,  Панфилов к-сі, 80

11

Маңғыстау

8 701 243 95 09

Ақтау қ., Приозерный 3

12

Павлодар

8705-731-1256

Павлодар қ., Павлодар а., Октябрь к-сі, 84

13

Солтүстік Қазақстан

8-705-576-12-59

Петропавловск қ., 2-өткел, Универсальная к-сі, 8

14

Семей

8707-417-2836

Семей қ., Сәтбаев к-сі, 201

15

Талдықорған

8777-514-4352

Талдықорған қ., Балпық би к-сі, 37

16

Оңтүстік Қазақстан

87252-99-72-58

Шымкент қ., Крейсер Аврора к-сі, 48

17

Орталық

8775-281-1163

Астана қ., Дулатов к-сі, 187/2

 


Артқа