«Астана Ботлерс» ЖШС-мен бірлескен қызмет жөнінде түсіндіру

«ҚазАгроӨнім» АҚ және «Астана – Боттлерс» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарылғаны жөнінде ақпарат агенттігі таспаларында бүгінгі жарияланымдар тақырыбының жалғасы ретінде «Қазагро» Холдингі» АҚ еншілес компаниясы «ҚазАгроӨнім» АҚ-мен бірлесіп (бұдан әрі – Қоғам) осы мәселелер бойынша кейбір түсіндіру қажет деп санайды.

2014 жылдың сәуір айында сүтті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде Қоғам «Астана – Боттлерс» ЖШС-мен (бұдан әрі- Серіктестік) 2015 жылдың 01 сәуір айы мерзіміне дейін 700 млн. теңге сомасына қаржыландыру лимитімен ультрапастерленген сүт өндірісін іске қосу мақсатында, бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан.

Қоғам шарт бойынша Серіктестікке, Астана қаласында (ш. а. Көктал-1) орналасқан сүт өнімдерін өндіретін қолданыстағы зауыт негізінде, өндірісті іске қосу үшін 700 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлген. Серіктестікпен кепілдік қамтамасыз ету ретінде қосымша 113,9 млн. теңге сомасы берілген. Қоғам тарапынан ақшалай қаражат 2014 жылдың сәуір айы мен шілде айы аралығында  бірнеше траншпен 700 млн. теңге жалпы сомасы аударылған. Содан кейін Серіктестікпен ультрапастерленген сүт шығаратын зауыты іске қосылды.

Сонымен қатар, Серіктестік өз міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты, 2015 жылдың тамыз айында Қоғам Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына, алынбай қалған пайда мен өсімпұлды есепке ала отырып, салым сомасын Серіктестіктен өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінуге мәжбүр болды. Талап арыз қанағаттандырылып және заңды күшіне енді.

Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу іс-шаралар шеңберінде (ЕДБ шоттарына, Борышкердің активтеріне тыйым салу және т. б.) Серіктестік ерікті міндеттемелерін орындау бойынша 749,5 млн. теңге сомасына (алынбаған пайда мен өсімпұлдарды ескере отырып) медиациялық келісім жасасу арқылы әрекеттері тиісті нәтижелер бермеді. Сонымен қатар анықталғандай, Қоғаммен аударылған ақшалай қаражат Серіктестікпен аталған мақсатқа сай пайдаланылмаған.

Осыған орай, 2017 жылдың қараша айында Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен (бұдан әрі - Астана қ. МКД-нің ЭТҚ) «Астана – Боттлерс» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, соның нәтижесінде Қоғам жәбірленуші тарап деп танылды.

2018 жылғы 05 қыркүйектегі сотқа дейінгі және сот тергеуінің қорытындысы бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық сотымен тиісті үкім шығарылған, бұл ретте, Қоғамның қылмыстық іс шеңберіндегі азаматтық талабы ортақтас тәртіпте, келтірілген залал толық сомада қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған сот «Астана - Боттлерс» ЖШС мүлкін (сүт өнімдерін өндіретін зауыт, бағалау құны 900 млн. астам теңге) өндіріп алуды қабыл алмады, осыған байланысты Қоғам «Астана-Боттлерс» ЖШС мүлкін өндіріп алуды қанағаттандыру жөніндегі тиісті апелляциялық шағым берді.

Сонымен қатар кепілдік мүлкті өндіріп алу, яғни берешекті өтеу үшін оны сату іс-шаралары жүзеге асырылуда. Осылайша, Қоғам қылмыстық және азаматтық-құқықтық тәртіпте өз мүдделерін қорғауды жалғастыруда.   

Қоғам өз қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанатынын, атап өту маңызды: Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу жөніндегі комиссия қызмет етеді, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру, Қоғам басшылығы мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселелері бойынша уақтылы ақпарат беру арқылы АӨК саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша ұйымдық тәжірибелік іс-шаралар жоспарлары қолданылады.

«ҚазАгро» Холдингі» АҚ баспасөз қызметі

+7 701 705 04 16,  a.gabbassova@kazagro.kz

тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz


Артқа