Ақмола облысында инвесторлардан шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінімдер қабылдау басталды

«Қазагромаркетинг» АҚ Ақмола облысында инвестициялық субсидиялау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында инвесторлардың өтінімдерін қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің  2017 жылдың «01» ақпандағы № 48 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері 2017 жылдың «01» шілдесіне дейін қаралады.

2017 жылдың «01» шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Анықтама алу үшін «Қазагромаркетинг» АҚ-ның 8 (7162) 310-269 және 8 800 080 70 80 нөмірлері (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) бойынша сall-орталыққа хабарласуға болады.


Артқа