Web Content Display

Web Content Display

Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары 

Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы 1968 жылғы 9 қыркүйекте Алматы облысында туылған.

С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік экономикалық университетінің жанындағы Еуразия нарық институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін (МВА) аяқтады.

Еңбек қызметін 1991 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік экономикалық университетінде оқытушы болып бастады.   

Әр түрлі жылдары «Еуразия банкі» ЖАҚ,  «Орталық-Азия траст компаниясы» АҚ жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап «ҚазАгро» холдингі» АҚ жүйесінде жұмыс істейді.

2007 жылдың маусым айынан бастап – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2010 жылдың ақпан айынан бастап – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрайымы.

2014 жылдың сәуір айынан бастап – «ҚазАгроҚаржы» Басқарма төрағасының орынбасары, содан кейін Басқарма төрағасының м.а. қызметін атқарды.

2015 жылдың маусым айынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы лауазымында қызмет атқарды.