Етті бағыттағы импорттық селекциялық ІҚМ сатып алу үшін кредиттеу бағдарламасы.

Бағдарлама мақсаты

Тұқымға айналдыру мен өнімділік сапаларын арттыру үшін ІҚМ басын көбейту

Нысаналы топ

заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК) үшін:

–   импорттық селекциялық ІҚМ-ды және асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу;

–   негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу (оның ішінде ІҚМ тасымалдау, сақтандыру, ҚҚС, кедендік тексеруден өткізу).

КС үшін:

–   селекциялық ІҚМ мен асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге, айналым қаражатын толтыруға КС қатысушыларын кредиттеу үшін КС кредиттеу.

Қайнар көзі

ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

ІҚМ сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі.

ІҚМ сатып алуға төлеу нысаны – қолма-қол  ақшалай және ақшасыз:

-                    ІҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі. 

-                   ІҚМ үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға-Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

    Заңды тұлғалар - Корпорация/КС қарыз алушылары үшін ІҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда  тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.

Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі   Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.

Сома

1 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталынан  25%-ға дейін;

 (КС өз қарыз алушыларына қарыз берген жағдайда – 1 000 000 теңгеден бастап 20 000 000 теңгеге дейін)

Кредиттердің түрлері

импорттық селекциялық ІҚМ сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу мен  айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

120 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

-     импорттық селекциялық ІҚМ сатып алуға – 120 айға дейін;

-     асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға –  24 айға дейін;

-     айналым қаражатын толтыруға – 24 айға дейін;

-     негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – 120 айға дейін.

Кредитеу ставкасы

қарыз алушылар үшін, КС қоспағанда – жылдық 14%

(СЖТС – жылдық 14% бастап)

КС үшін – жылдық 9,5% (КС қарыз алушылары үшін сыйақы ставкасы КС уәкілетті органымен белгіленеді, бірақ жылдық  14% артық емес) (СЖТС – жылдық 9,5% бастап)

Негізгі борышты өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, мерзімнің соңында (Қарыз алушының бизнес-жоспарын есепке ала отыра, жеке кесте болуы мүмкін) ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу мерзімділігі

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

-      асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға, айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру кезінен бастап 12 айдан артық емес;

-      импорттық селекциялық ІҚМ сатып алуға және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру кезінен бастап 36 айдан артық емес;

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

-        төлем қабілеттілігі;

-        салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-        ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

-        теріс кредиттік тарихының болмауы;

-        малды ұстау үшін қажетті инфрақұлымның болуы;

-      азық базасымен қамтамасыз етілгендігі;

-      жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар ұсынған ортақ пайдаланудағы жерлердің болуы;

-      шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ІҚМ болған жағдайда);

-    саны мал басы жалпы санынан (меншікті және сатып алынатын ІҚМ) 25%-дан кем емес меншікті ІҚМ болуы. Егер меншікті ІҚМ болмаған жағдайда, сатып алынатын ІҚМ санынан 25%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түріндегі ортақ қаржыландыру қамтамасыз етілсін.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

-    сатып алынатын селекциялық ІҚМ жас төлінің жасы:  12-ден бастап 22 айды қоса;

-                 міндетті түрде меншікті немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқалардың келесі ІҚМ санына арасалмағымен болуы тиіс: өсімпаздық жастағы 30 аналық басқа 1 асыл тұқымды өндіруші бұқа (жарамсызын шығару және өлім-жітімді шегере отыра);

-    Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесіне  сәйкес қолда бар және сатып алынатын ІҚМ сәйкестендіру (биркалау, чиптау);

-                 малға арналған бөлу орнының болуы (ІҚМ-мен жеке жұмыс жасау үшін мал айдайтын дәліз).

Ерекше талаптар

Осы бағдарламаның мақсатында селекциялық ІҚМ-ға етті тұқымның стандартына сәйкес келетін ІҚМ жатады.