Шаруалар еңбегі еленді

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы Қазалы аудандық филиалы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау мақсатында, тиісті органдар басшыларымен бірге ауданға қарасты бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, олардың жағдайымен танысты.

Кездесу жеке кәсіпкер Бақыт Әбіл­таев­тың шаруа қожалығынан басталды. Бақыт Әбілтаев мал шаруашылығымен айналысуды 2013 жылы бастаған. 2014 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан қар­жылай несие алып, кәсібін кеңейткенін және осы кәсіп арқасында 5 адамды тұ­рақты жұмыспен қамтыды.

Аталған топ мал бордақылау кәсібімен айналысатын Елубай Шағдиевтің қожа­лығында да болды. Қожалық иесінің айтуынша, кәсіпті «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоға­мынан «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойын­ша несие алып бастаған. Отбасы мүшелерін қоспағанда ауылдағы жұмыс­сыздар санын да қыс­қартуға септігін тигізіп отырған қожалық иесі бұл мемле­кет басшысының кәсіп­керлікті дамытуға жасап отырған қам­қорлығының жемісі екендігін айтады.

– Мемлекет басшысы кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге барлық мүм­кіндікті берді. Осыны біз тек орынды пайдалана білуіміз керек.Табыс тауып қана қоймай, елге пайда әкелуіміз қажет. Алдағы уақытта жер алып, осы кәсібімді кеңейтіп, Елбасы биылғы Жолдауында атап өткендей, өнімді экспортка шығару мәселесін қарастырып отырмын, – деді Елубай.

Шаруалар жұмысымен танысқан аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәм­бетжан мемлекет тарапынан мал шаруа­шылығын дамытуға бағытталған бағдар­ламалар тиімділігін, сонымен қатар саланың келешек дамуына негіз қалау үшін мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын мейлінше жандандыруды қа­жет ететіндігін айтып, шаруалар еңбегіне табыс тіледі.

Нұрлыбек Қасым, "Айқын"

https://aikyn.kz/2018/01/19/39580.html


Back