Киіз үй жасауды кәсібіне айналдырған

Мақтаралдық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын айқын сезініп отыр. Биыл 10 айда 556 нысанға 1 млрд. 581 млн. теңге көлемінде несие алу үшін қолдау білдірілген. Бұл қаражатты кәсіпкерлер ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға, егін және мал шаруашылығымен, басқа да кәсіп түрлерімен айналысуға жұмсаған.

Аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен журналистер алдымен, «Ырыс» және «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» көмек алған шаруашылықтарда болды. Бұл ұйымдардың алғашқысы 441 жобаға дем берсе, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 76 жобаға 20 млн. 200 мың теңге көлемінде несие берген.  Жылдық үстемесі төмен болғандықтан, кәсіпкерлердің көбісі ірі қара, жылқы байлап,  еттің келісін нарықтағы бағасынан 100-150 теңгеге арзандатып сатуда. Соның өзінде  тәп-тәуір табыс тауып отыр.

Ал, киіз үй жасауды кәсіп түріне айналдырған «Мадина» ЖШС- нің төрағасы Көпжан Торпиев «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 2 млн. теңге несие алған. Шағын цехта тігілген киіз үйлерге еліміздің батыс, оңтүстік аймақтарынан тапсырыстар көп. Серіктестік 10 адамды жұмыспен қамтыған. Мұнда аяқ жол плитасын жасап шығаратын цех та бар.  Жеке кәсіпкер Нұрсұлу Юнусова алдымен, «Бастау – Бизнес» жобасы арқасында кәсіп бастаудың қыр-сырына қанықты. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан да тәуекел етіп, 2,5 млн теңге несие алды. Енді өнім түрлерін көбейтпек  ниетте.

Нұрсұлу Юнусова, жеке кәсіпкер:

Президентіміздің жолдауы бойынша  жіберген несінен ешқандай қиыншылық болған жоқ бәрін алдым. Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорыменен алдық. Тапсырыстар көбіне осы ауылдан келіп жатыр. Онша қымбат емес түсіреміз, сөйтіп шығарып жатырмыз. Рекламный нелерді жабыстырып, енді бастап жатырмыз, бір ай болған жоқ жан жақта көршілер көріп жатыр аламыз деп жатыр.

Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікті дамыту  үшін бар жағдайды жасап отыр. Несие береді. Үстемесін субсидиялайды. Қажет болса, кепілдендіреді. Нәтижесі көңіл қуантады.

Данияр Толыбаев, Мақтарал аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл біз 17 жобаны іске асырдық. Бизнестің жол картасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оның ішінде 10 жоба банкіден несие алған кезінде соның пайыздық үстемелерін банкінің пайыздарын даму акционерлік қоғамы арқылы мемлекет субсидиялап қолдап отыр. Және де 5 жобаға алған несиелерін кепілдендіру бойынша қолдау көрсетілді. Одан бөлек екі жобаға инфроқұрылымын жүргізу бойынша қолдау көрсетілді.

Мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шағын және орта бизнесін өрістеткен бұл жандардың ісі - өзгелерге өнеге.  

НҰРМАХАН Кенжехан, "On'tu'stik" ТА

http://shymkenttv.kz/kz/news/shagyn_orta_biznes_oko/kiiz-ui-zhasaudy-kesibine-ainaldyrgan      


Back