Кәсіптен нәсіп: ақтаулық кәсіпкер Қарлығаш Қаржаубаева

Ақтаулық кәсіпкер Қарлығаш Қаржаубаеваның наубайхана ашқанына бір жарым ай болды. Оған дейін жұмыссыздар кезегінде тұрған әйел «Бизнес кеңесші» бағдарламасын оқып, кәсіптің қыр-сырын үйренді. 

Енді міне, күніне 200 ге жуық нан пісіріп, ауруханалардың асханасын қамтамасыз етіп отыр. Әзірге ақ және қара нан пісіреді. Ол үшін Маңғыстауда өндірілген ұнды қолданады. Таза әрі дәмді өнімге сұраныс көп. Бұл игілікке кәсіпкер Ауыл шарауашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жетіп отыр.  

ҚАРЛЫҒАШ ҚАРЖАУБАЕВА, КӘСІПКЕР:

- Мына шетелдік өнім, бұл пешті мен 6 млн 200 мыңға алдым. Бұл пештің айырмашылығы - менің бұрынғы тоқ пешім бір салғанда 90 нан пісірсе, бұл бір салғанда 150 нан пісіреді. Және де нанның әр түрін пісіреді. Сол енді осы пешпен үлкейтіп, кеңейтіп, әрі қарай дамытамын.  Қазіргі таңда бір көмекшім бар. Екеуміз жұмыс істейміз осында. Жұмыссыздықтан тағы да 2 адамды аламын деген планым бар.

Биыл Маңғыстауда 246 кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының көмегіне жүгінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп.

ШОЛПАН ДҮЙСЕНБАЕВА, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ НЕСИЕ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

2018-ге қарағанда 2019-жылы сұраныс көп болды. Өйткені, ауыл тұрғындары жұмыстан босағандар бар, кәсіп бастайтын адамдар көп болған соң, бізге сұраныс көп болды. 2020 жылға жоспарымыз тағы 340 адамға сұраныс болып отыр. 1 млрд 200 мың қаражат сұрап отырмыз. 

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіпкерлерге дем беріп келеді. Кәсіп ашамын немесе дамытамын деушілерге осы қор арқылы 6 пайызбен несие беріледі. Биыл облысқа бөлінген қаржының 70 пайызы ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға жұмсалды. Ал, қалған қаражат мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнестің басқа да түрлерінен дамытуға берілді.  

https://qazaqstan.tv/videos/120453


Back