"Еңбек" бағдарламасы жылыжай салуға мүмкіндік берді

"Еңбек" бағдарламасы жылыжай салуға мүмкіндік берді

Түркістандық кәсіпкер "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" несие алып, жылыжай бизнесін бастады

Түркістан облысы Жібек жолы ауылының тұрғыны кәсіпкер Давуд Ахмедов «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан филиалынан несие алған.

Жылыжай салу және көкөніс дақылдарын өсіру мақсатында алған 5 млн теңгені жылыжай кешені үшін негізгі құралдарды сатып алуға жұмсаған.

Енді Давуд көктемге дейін көптеген дайындық жұмыстарды атқарып, кәсібін табыс көзіне айналдырмақ. Ісіңіз берекелі де табысты болсын!

Сурет: http://potatoveg.ru/

 


Back