Наубайхана өнімін арттырды

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының тұрғыны Қарлығаш Қаржаубаева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Маңғыстау облысындағы филиалынан "Кәсіпкер" бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие рәсімдеп, нан пісіретін арнайы пеш сатып алды. 

 

 

Кәсіпкер наубайхана кәсібімен бұрыннан айналысып келе жатыр. Алайда, нанға тапсырыстың көбеюіне байланысты кәсіпкердің наубайханаға тағы бір пеш алуына тура келген. 

 

 

Сондықтан, кәсіпкер несие қаражатына бірден 150 нан пісіретін пеш сатып алып, өнімін арттырып отыр. Қазіргі таңда ол Басқұдық ауылының дүкенімен және асханаларымен келісімге отырып, нанмен қамтамасыз етуде.


Back