Басқарушы директор кәсіпкерлермен кездесті

Басқарушы директор Петропавл қаласындағы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған және кеңейтілген әлеуетті жобалардың жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, полиграфия, қоғамдық тамақтану орны, сүт өңдеу, гүл сату, автокөлік жуу, техникалық қызмет көрсету станциясы, фитнес-орталық сияқты тағы бірқатар нысандарды аралады. Кәсіпкерлерге несие шарттары түсіндіріліп, олардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берілді.

 


Back