«Игілік» игі істердің бастауы

Қызылорда облысының Арал ауданы ауданына қарасты Шижаға ауылының тұрғыны Бақыт Разақов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан «Игілік» бағдарламасы бойынша 6% жеңілдікпен 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп, екі жасар 4 бас асыл тұқымды аналық түйе сатып алды. Кәсіпкер алдағы уақытта түйелерін төлдетіп, кәсібін кеңейтіп, дертке шипа шұбат дайындап сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Игілік» несие өнімі арқылы кәсіппен айналысамын деген азаматтарға 4 млн теңгеге дейінгі несие 6 процентпен беріледі. Бұл несие өнімі арқылы мал, құс, бал араларын сатып алып, кәсіп істеуге болады. Сондай-ақ, 9 ай жеңілдік мерзімі қарастырылған.


Back