Дмитрийдің дүкені

Аршалы ауданының тұрғыны Дмитрий Кравцов "Бизнес Бастау" бағдарламасы арқылы бизнес негіздерін оқыған. Одан кейін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Кәсіпкер» несие өнімі арқылы 3,5 млн теңге несие рәсімдеп, техникалық қызмет көрсету орталығы мен автокөлік дүкенін ашты.

Қазіргі уақытта үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Көлігін жөндетуге келгендер қажет сайманды алысқа бармай-ақ сол жерден сатып ала алады.

Айта кетейік, «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңгеге дейінгі несие 5 жылға 6 процентпен беріледі. Яғни, кәсіптің кез-келген түрімен айналысуға болады. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстардағы филиалдары өтнім қабылдауды жалғастыруда.

 

 


Back