АТАКӘСІП — ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ

Елімізде ет экспортын жандандыру мақсатында қолға алынған “Сыбаға” бағдарламасы қарапайым халық үшін кәсіпкер­лік­пен айналысуға зор мүмкіндік тудыруда. Біздің об­лысы­мызда да аталмыш бағдарлама арқылы несие алып, шаруа­сын дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары жыл са­нап көбейе түсуде. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауда­нының тұрғыны Әнуар Иманбаев.

Күнкөрісі малмен етене бай­ла­­нысқан ата-бабаларымыз төрт түлікті түлетіп, атакәсіпке бетбұрғандар бүгінде аз емес. Құралай ауылының тұрғында­ры да мал бағып, ірі қара санын көбейтуде. Кезінде атасымен бірге шөп шауып, қысы-жазы мал бағып өскен Әнуар Иманбаевқа ауыл­дағы тіршілік ешбір таңсық емес. Қорасында бұған дейін 5-6 сиыр мен бірнеше жылқы, азын-аулақ қой ғана болған. Дегенмен, нарық талабына сай шаруашылықты ірілендіруді ұйғарған.

Әнуар Иманбаев бізге әуелі қорадағы малын көр­сетіп, кәсіпті қалай бастағанын әңгіме­леп берді. “Сыбаға” бағ­дарла­масының игілігін көріп, қо­расын малға толтырған таныс­та­рына қызыға да, қызғана қа­раған ол бұл ба­ғытта бағын сынап көруге бел буады. Алдымен, жеке қаража­тына трактор, тіркеме және тыр­ма сияқты техника сатып алып, үйінің жанынан қора салады. Қысқамерзімді оқу курсынан өтіп, сертификатын алады. Қо­лы­нан келетін іс екенін түсініп, өзі­нің мүм­кіндігін бағамдаған аза­мат 2015 жылы “Ауыл шаруашы­лығын қар­жы­лай қолдау қоры” АҚ-ы облыс­тық филиалы арқы­лы 4 миллион теңге несиеге қол жеткізу үшін өтініш береді.

– Мен – мал ша­руашылығын да­мытуда “Сыбаға” бағдарлама­сының көмегі мол екеніне көз жеткіздім. Берілген мүмкіндікті оңтайлы пайдала­нып, 30 сиыр са­тып алдым. Мал кейін төл­деп, саны артты. Суыққа төзімді, тез салмақ жинайды. Ең бас­тысы – уақытында ветеринар­лық іс-шараларын жүр­гізіп, ба­қы­лап отырса болғаны. Ендігі жерде мал санын арттырып, ша­руашылығымды кеңейткім келе­ді, – дейді Әнуар Иманбаев.

Ауыл тұрғындары жыл он екі ай бойы бел жазбай жұмыс іс­тейді. Қорадағы мал саны арт­қан соң Әнуардың да жанына тыным жоқ. Әрине, осыншама ірі қараны бағып-күту бір адамның қолынан келмесі анық. Бұл орай­да кәсіп­керге ағасы Әлімжан мен інісі Нұр­лыбектің көмегі зор. Мал бағудың ауыртпалығын жақсы білетін олар бауырлары­на қашан да қол ұшын созады. Теріскейдің қысы қатты, сондық­тан, қараша айының соңы­нан сәуір айының басына дейін ірі қараны қорада ұстайды. Шөп пен жем мәселесі то­лығымен шешілген. Малды қыс­тан шығын­сыз алып шығу үшін жыл сайын 30-50 тіркеме шөп шабылады. Бұған жыл сайын бағасы қымбаттайтын жарма мен жемді қосыңыз. Сон­дықтан “Қыстың қамын жаз ойла” де­мекші, жаздыгүндері ағайынды­лар бір жылдық мал азығын да­йындауға жұмылады. “Мал бақ­қанға бітеді” деген осы болса керек.

Отбасы өндірген сүтті әр литрін 75 теңгеден аудан ор­талығындағы “Пальчик” жеке кә­сіп­керлігінің май цехы­на өткізеді. Ауыл тұрғыны үшін бұл да бір табыс көзі.

– “Көз – қорқақ, қол – батыр” де­ген ғой. Қорадағы малдың басын арттыруға мүмкіндік бе­ретін бағ­дар­ламалардың ауыл тұрғында­ры­на көмегі зор. Мем­лекеттік қолдаудың арқасында отбасылық жағдайын түзеп, атакәсіпті қолға алатын азамат­тар­дың қатары қа­лыңдай түсуіне тілектеспін, – дейді шаруа сөз соңында.

Әнуар Иман­баев зайыбымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Петропавл қаласын­дағы әскери бөлімде еңбек етсе, қызы облыс орталығындағы ме­дицина­лық колледжінің сту­денті.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”. Сурет:  Талғат ТӘНІБАЕВ

http://soltustikkaz.kz/index.php/ekonomi-ka/9737-atak-sip-tabysty-k-zi

Back