Кәсіптен - нәсіп; Ақмола және Қарағанды облыстары

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының арқасында ауылдық жерде кәсіпкерлер көбеюде. Себебі қор беретін несие барлық жағынан тиімді. Ақмола облысында тұратын Оразке Жүсіпов те осы қордың арқасында жеке кәсіпкер атанды. Ұзақ жылдар бойы өндірісте еңбек еткен азамат денсаулығына байланысты жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Ал биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 4 пайыздық үстемемен несие рәсімдеп, 12 сиыр сатып алып, кәсібін бастады. 

ОРАЗКЕ ЖҮСІПОВ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Сүтін өткіземіз мынау Гормолзаводқа, мына жерде Садовыйға. Сосын кормын жартысын өзіміз жинап аламыз, жартысын сүттің ақшасымен сатып аламыз. Алдағы уақытта малды көбейтіп, өзімізге трактор алып, кеңейеміз бе деген ойымыз бар. 

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының биылғы  аймаққа бөлген 1 миллиард 838 миллион теңгесі бүгінде толық игерілді. Кәсіпкерлердің көбі "Игілік", "Кәсіпкер", "Егінжай" бағдарламалары бойынша несие алған.

АБЗАЛ КЕНЖЕАХМЕТОВ  - «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізі қазір ауылдық жерде ең алғашқы бағдарламалардың бірі, ең көп жұрттың көбіне қатысатын бағдарламасы ол мал басын көбейту, сүт тапсыру, бордақы, мал бордақылау. Ең көп сұраныс ететін бағдарламалар сол мал шаруашылығы.    

Қарағандылық Марал Ахметжәмиева да осы қордың шарапатын көріп отыр. Ол Ботақара кентіндегі ең алғашқы заманауи отбасылық дәмхананы ашты. Қарағанды, Қарқаралы және  Баянауылдан шыққан жолаушылар күрежол бойындағы осы дәмханаға тоқтайды. Жас кәсіпкер қазір бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтып отыр

МАРАЛ АХМЕТЖӘМИЕВА - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Себепкер Ауыл шаруашылығын қолдау қоры болып отыр. Ол кісілерден біз 6 пайызбен 6 миллион теңге ақшалай несие алып отырмыз. Өте тиімді деп ойлаймын. Несие бойынша каникул бар. Бір жақсы жері бір жылға алуға болады, жарты жылға алуға болады каникулды. Біз сол кішкене уақыты созылып кетпесін деп жарты жылға каникул алдық. 

Қарағанды облысы бойынша жыл соңына дейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 4 млрд 400 млн теңгені игеру жоспарланған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында қазір өңірдегі елді мекендерде кәсіпкерлік сала түрлі бағытта түлеп келеді.

ҚАНЫШ СЕЛКЕБАЙ - «АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ ҚАРАҒАНДЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Жоба бойынша бізде ауыл шаруашылығы бағытында болған соң малға деп алады несиені. Ауыл шаруашылығы бойынша «Игілік» бағдарламасы бар. Өте тиімді, каникулы бар. Екінші бағдарлама «кәсіпкер» бағдарламасы. Ол ауылшаруашылығына тікелей қатысты болмаса да, ауыл шаруашылығы деңгейінде іске асыратын кәсіпкерлік. Ол - шаштараз болсын, дәмхана болсын.

Бағдарламаға қатысушылар алдымен арнайы оқу курсынан өтіп, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгереді. Кейін азамат ашатын кәсіп түріне қарай арнайы бизнес жоспарын құрады. Өз мақсатын осындай мемлекеттік қолдаудың аясында жүзеге асырған Марал сынды жандар келешекте бизнесін кеңейту үшін несие алуына болады.

https://qazaqstan.tv/videos/119705

Суретте: Оразке Жүсіпов, Ақмола облысы


Back