News portlet

Солтүстікқазақстандық шаруашылықтар мемлекеттің көмегімен мал басының сапасын жақсартуда

СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка ауылының тұрғыны Ержан Қарабеков талайдан бері шағын қожалығында ірі істі қолға алған. Екі жыл бұрын 16 бас асыл тұқымды ірі қара әкеліп, табынды жаңартқан. Бірақ, санға емес, сапаға баса мән берген іскер агрокәсіпкерге бұл аздық еткен. 

Ержан ҚАРАБЕКОВ, фермер

Мен тағы да 20 бас алып ары қарата малды көбейтіп жатырмын енді қазір осы биылғы жылы ары қарата өсірейін деп жатқаным Сыбаға бағдарламасымен тағы да несие алып симменталь асыл тұқымды мал алып ары қарата дамытайын деп жатырмын малдың басын 150-200 басқа шейін апарсам да деген ойым бар 02:02

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамытуды» көздейтін «Сыбаға» бағдарламасы туралы жағымды пікірді шаруа елден естіп біледі. Ақыры мал баққасын сиыр санын көбейтуді мақсат тұтқан фермер бағдарламаны жүзеге асырушы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» компаниясына жүгінген. Бұл жоба арқылы еліміз шетелден өнімділігі жоғары сиырлар әкеліп, жоғары сапалы ет өндірмек. 

Елнұр СЫЗДЫҚОВ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының несие менеджері

Сыбаға бағдарламасының мақсаты етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табын санын ұлғайтуды қамтамасыз ету ірі қара малдың аналық басын оның ішінде ірі қара малдың селекциялық жас төлін немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларын сатып алу негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу жалпы көлемі қарыз сомасына 15 пайызға артық емес мөлшерінде айналым қаражатын толтыру 00:34

Сүтті-етті бағыттағы симменталь сиырларды сатып алмас бұрын фермер нарық пен тұқымды әбден зерттеген. Таңдау текке кетпеді. Ет түсімі жергілікті тұқымға қарағанда 30-40 пайызға артық. Ал бұзаулары күніне 1 келі салмақ қосады. Қазір қорада 27 бұзау бар. Бұған қоса, сүті де көл-көсір пайданың көзіне айналған. 

Ержан ҚАРАБЕКОВ, фермер

Сүттен где-то күніне 500 литр өткіземін бір күнде ал күзде мысалы ет өткізген кезде біздің асыл тұқымды малдардан бір сиырдан 200-220 кг дейін шығады еттің весі 220 кг дейін это уже приблизительно бір сиырымыз где то 270-260 мыңға шейін шығарады, ол деген көпкөрім пайда ғой 03:49 

Қысы қытымыр солтүстік өңірде бұл ірі қараларға тұрақты жем-шөп қоры қажет. Солтүстік Қазақстандық қожалықтың иелігінде 220 га жайылым, 77 га егістік жер бар. Биыл мал басын көбейтуге бел буған шаруа сиырлармен бірге, екі техника мен шөп шабатын жабдық алмақ. Әрине, бұл үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 30 млн теңге несие рәсімдеген. Ал жалпы алғанда Қызылжар өңірінде дәл осы Ержан Серікұлы сияқты шаруа баққан жандарға 1 млрд 666 млн теңге бөлініп, 374 жоба қаржыландырылған. 

Елнұр СЫЗДЫҚОВ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының несие менеджері

Сыбаға бағдарламасы бойынша 665 ірі қара мал аналық басын алу мақсатымен 240 млн 700 мың теңге 11 жоба қаржыландыруға өтініш білдірді 00:41 Сыбаға бағдарламасы бойынша несие сомасы 40 млн теңгеге дейін мерзімі 180 айға дейін, жеңілдік мерзімі 24 айға дейін 00:50

Әзірге, фермерде бордақылау алаңы жоқ. Биыл күзде алаң ашып, 100 бас өгізшені бордақыға қоймақ. Бірақ, соның өзінде былтыр 2 тонна сиыр етін нарыққа шығарған. Ал қазір қожалықта үш адам жұмыс істейді. Енді асыл тұқымды ірі қаралар әкелінгенде, тағы да жұмыс орны артпақ. Міне, сәтті идея, сауатты менеджмент пен сенімді әріптес – табысты агробизнестің формуласы. Бұл үштік үйлесім тапқанда жетістік әркез жолдас болмақ.  

Дархан Кәрім, QAZAQSTAN TA

https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/40538/15-08-2018-agroqazaqstan-soyaga-degen-suranystyn-artuyna-ne-sebep-tolyq-nusqa/

 

Back