Moody’s агенттігі корпорациясының корпоративтік рейтинг болжамын «Тұрақтыға» өзгертті

Moody’s Investors Service агенттігінің 2018 жылдың 23 қарашасындағы несиелік ұйғарымына сәйкес «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның В1 корпоративтік рейтинг болжамының мәртебесі «Ықтимал төмендету» «Тұрақты» мәртебесіне өзгертілді.

     Ұйғарымда көрсетілгендей рейтинг бойынша тұрақты болжамы 2018 жылдың желтоқсанында болатын «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның өзінің облигацияларын өтеу болжамдарын, сонымен қатар компанияның 2017 жылмен салыстырғандағы қаржылық ахуалын «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан мемлекеттік қолдау алу арқылы тұрақты жақсаруын көрсетеді.
      Бұл болжам 2018 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның басқаруына «ҚазАгро» холдингі арқылы мемлекеттің тығызырақ қатысуын және мемлекет тарапынан Қазақстанның аграрлық саласын қолдаудың жалпы өсуі бойынша компанияны мемлекеттік қолдауды арттырудың белгілерін қарастырады. 
 

Back