Web Content Display

«Комплаенс-бақылау»

Құрметті «ҚазАгро» холдингі» АҚ клиенттері мен серіктестері!

Құрметті «ҚазАгро» холдингі» АҚ клиенттері мен серіктестері!
 
Холдингтің Комплаенс қызметінің ресми бөліміне қош келдіңіздер.
Холдинг клиенттері Холдингпен қойылған міндеттерді әділ және шынайы орындауын және мемлекеттік саясатты іске асыруын күтетін Ұлттық даму институты ретіндегі сенімді және айқын өз беделін жоғары бағалайды. 
 
Осы мақсатта  Холдингте комплаенс жүйесі енгізілді, ол Холдингтің Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын, Холдингте белгіленген ішкі және сыртқы ережелерді, рәсімдерді, бизнесті жүргізудің негізгі моральдық-этикалық қағидаттарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
 
Комплаенс қызметі қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
 
Кез келген адам комплаенс қызметіне:
- Холдинг қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен алаяқтық іс-әрекеттер фактілері.
- Холдинг қызметкерлерінің коммерциялық құпияны заңсыз ашуы.
- Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және Холдингтің еншілес компанияларының қызметтерін пайдалану арқылы терроризмді қаржыландыру фактілері. 
- Холдинг қызметкерлерінің қатысуымен мүдделер қақтығысы.
- Холдинг қызметкерлерінің іскерлік этика нормаларын бұзуы анықталған жағдайда жүгіне алады.
 
Комплаенс мәселелері бойынша хабарлау үшін Холдингте сенім телефоны құрылды:  70-56-20 (ішкі 1901)