Web Content Display
Web Content Display
Егімбаева Жанна Дачерқызы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының бұрынғы орынбасары
1953 жылы 12 мамырда РКФСР, Камчатск облысы, Карагинск ауданы Ивашка селосында туған.
Білімі:
1980 жылы Талдықорған заң техникумын аяқтаған.
1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек қызметі:
1971-1975 жж. Семей сыртқы трикотаж фабрикасының тігінші-моторисі, Жамбыл аудандық тұрмыстық комбинаттың тігінші моторисі;
1975-1981 жж. мұрағатшы, Жамбыл аудандық соты кеңсесінің бастығы, Алматы облыстық сотының сот отырысының хатшысы;
1981-1986 жж. аға заң кеңесшісі, «Казглаввторресурсы» шарттық-құқықтық басқарма бастығы;
1986-1988 жж. Алматы жөндеу-механикалық зауытының аға заң кеңесшісі;
1988-1991 жж. бас заң кеңесшісі, ҚазССР Госснаб басқармасының шарттық-құқықтық басқарма бастығы;
1991-1994 жж. Президент Аппаратының және Қазақстан Республикасы Министрлері Кабинетінің маманы, референті, бас референті, сарапшы, бас сарапшы, заң бөлімі секторының меңгерушісі;
1994-2002 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының Құқықтық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2002-2011 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының Құқықтық қорғау бөлімі меңгерушісі;
2011- 2016 жж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атағы:
2008 жылы «Құрмет» орденімен, 2015 жылы «Парасат» орденімен, 2003 жылы Ерен еңбегі үшін медалімен, 2013 жылы Президенттің алғысымен төс белгісімен марапатталды.
Үздік мемлекеттік қызметші.