Web Content Display

 «ҚазАгро» көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд.теңге бағыттайды

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына жалпы 61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр, оның 40 млрд.теңгесі бюджеттік несие. Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына несиелер еншілес компаниялар арқылы өткен жылдағы ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі. Бұдан басқа «ҚазАгро» алғашқы рет көктемгі-егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады. Бұл мақстаттарға бюджеттік несие қаражатынан 20 млрд.теңге бөлінді. Егін егуге арналған несиелік қаражаттың жаңа көзі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында  қосылды. Жалпы, Ұлттық холдингтен егін жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн.га жер көлеміне агротехникалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Ұлттық холдингтің компаниялары республикамыздың оңтүстігінде және негізгі астық егетін өңірлерінде белсенді қаржыландыруды жүргізуде. Мысалы, Аграрлық несие корпорациясына 6,5 млрд.теңгені құрайтын 300 өтінім келіп түсті. Оның бүгінгі күні 1,7 млрд.теңгеге 75 өтінім несиелендірілді. Ағымдағы жылы корпорация республиканың агросаласына өз бағдарламалары аясында барлығы 13 млрд.теңге жұмсауды жоспралауда.  

Анықтама: 

Аграрлық несие копрорациясы көктемгі-егіс жұмыстарын және астық жинау науқанын өткізуге несиелендіруді жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен, мерзімі 01.12.2014ж. дейін екінші деңгейлі банктер кепілдігімен береді, сонымен қатар несиелік серіктестер жүйесі арқылы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9%-ға дейін, жылжитын/жылжымайтын мүлік кепілдігімен беріледі.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы  көктемгі-егіс жұмыстарында астық егушілерді қаржыландыруға 17,6 млрд.теңге жұмсамақ. Оның ішінде көктемгі-жаз мерзімінде мемлекеттік ресурсқа сатып алу үшін компания 3,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

Форвардтық сатып алуға бюджеттік несие қаражатынан 1 га егін жеріне 6 мың теңге есебінен және комиссия төлеу шартынан қаржыландыру мерзімінің аяғына қаржыландыру сомасынан 5% көлемінде,  14 млрд.теңге бағыттау жоспарланып отыр. Азық-түлік корпорациясы шешіміне сәйкес қаржыландыру облыстар бойынша бекітілген  лимиттерге сәйкес жүргізіледі. Сатып алу екінші деңгейлі банктер кепілдігі немес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен жүргізіледі. 

Анықтама. Форвардтық сатып алу бойынша лимиттер:

Ақмола облысы – 4,28 млрд.теңге; Ақтөбе облысы – 490 млн.теңге; ШҚО – 490 млн.теңге; Қарағанды - 670 млн.теңге, Қостанай – 4,24 млрд.теңге; Павлодар – 500 млн.теңге; СҚО – 3,33 млрд.теңге.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – «Егінжай» бағдарламасы бойынша аграршыларды қаржыландыруды өз қаражат есебінен жүзеге асырады. Бұдан басқа компания микронесие ұйымдарын /МНҰ/ несиелендіру аясында бұдан әрі мақатшыларды несиелендіру үшін қаржыландыруды 2,1 млрд.теңге көлемінде бюджеттік несие қаражатынан жүзеге асыруда. 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша Қордың жеке қаражатынан 446,4 млрд.теңгені құрайтын 114 өтінім қаржыландырылды. Бүгінгі күні 655,6 млн.теңгеге тағы 173 өтінім мақұлданды. 62 өтінім қарастырылу үстінде.

Анықтама:

«Егінжай» бағдарламасы бойынша шарттар: қарыздың максималды сомасы – 6 млн.теңге, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,5%, жемшөптік дақыл бойынша несиелендіру мерзімі 36 айдан аспайтын, ал басқа дақылдар бойынша 18 айдан аспайтын.

МНҰ арқылы шарттар: МНҰ үшін қарыздың максималды сомасы – 1 млрд.теңге, соңғы қарызгер үшін - 8000 МЕК. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 4%, сыйақының тиімді мөлшерлемесі – 4,4% жылдық МНҰ үшін, және 8% соңғы қарызгер үшін.

«ҚазАгроҚаржы» - шаруаларды техникамен қамтамасыз ету үшін 6,9 млрд.теңге бағыттайды. Бүгінгі күні компанияға 12,7 млрд.теңгеден астам сомаға өтінімдер келіп түсті. Жалпы, осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу аясында «ҚазАгроҚаржы» 1000 бірліктен астам түрлі ауыл шаруашылық техниканы және оған жер өңдеуші аспалы жабдықтар алуды көздеп отыр.   Бұдан бөлек, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы инвестициялық бағдарламасы аясында жемшөп өндіруді қаржыландыруды жүзеге асыруда. Аталған бағытқа сәйкес Қазақстанның агросаласына 754,7 млн.теңге инвестицияланды. 

 

2014 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудың шарттары

 

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ:

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры – «Егінжай» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне көктемгі дала жұмыстарына несиелерді бере бастады. 

Бағдарлама 2010 жылы ашылып, шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, жеке азаматтарды қолдауға бағытталған. Үш жылдың ішінде Ауыл шаруаышылығын қаржылай қолдау қоры 2,7 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жобаны өз қаражатынан қаржыландырды. Сонымен қатар, тартылған қаражаттан мақта өсіретін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне «Ырыс» шағын несие ұйымы» арқылы 1 млрд. теңге бөлінді.

АӨК субъектілерін қолдау келесі талаптармен жүзеге асырылуда: несиенің сомасы - 6 млн. теңгеге дейін, жылдық сыйақы үстемесі - 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі – 10,2% дейін. Несиені қайтару екі астықты сатудан кейін қарастырылған, бұл ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін өте маңызды жеңілдік. 

Жалпы 2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланған. 

http://www.kazagro.kz/kk/web/fond/eginzhay

 

«АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарын қаржыландыру үшін өтініштер қабылдайды. 

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын; ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды; минералдық тыңайтқыштарды; өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және өнімді отырғызу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады. 

Көктемгі егін егу мен күзгі жиын терім жұмыстарын өткізуге қажет несиені 5% жылдық мөлшерлемесімен үстіміздегі жылғы 1-ші желтоқсанға дейінгі мерзімге, екінші деңгейлі банктердің кепілдемесі арқылы алуға болады, сондай-ақ, кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы 9%-ға дейін жылдық сыйақы ставкасы бойынша кепілге  жылжымалы және жылжымайтын мүлік қою арқылы да қол жеткізуге болады.

http://www.agrocredit.kz/index.php/kreditovanie-vpr

 

«ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ:

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2014 жылғы егін егу жұмыстарына техника алуға 10,5 млрд.теңге бағыттайды.  Сонымен бірге 2014 жылы барлық техниканы қаржыландыру бойынша жалпы жоспардағы қаржы 31 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі күні 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге техниканы иеленуге 8 млрд.теңгеден астам қаржыға өтінімдер келіп түсті.

http://www.kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/

 

«ҚАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ:

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның негізінде көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі жұмыс істеуде.

Кез келген шаруа 8 800 080 70 80 тегін нөміріне қоңырау шалып, «ҚазАгро» холдингісінің еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіске несие алу шарттарымен танысып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы дақылдарды егуге арналған техниканы лизингке алу ережелерінен хабардар бола алады. 

Call-орталық операторлары әрбір несиелеу бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіріп, ыңғайлы қаржылық құрал жөнінде кеңес беруі - желінің бірден бір артықшылығы болып табылады. 

Сонымен қатар хабарласушылар көктемгі егіске қажетті материалдық-техникалық ресурстарды (тұқым, агрохимия, техника мен құрал-жабдықтар, жанар-жағармай) сатушы компаниялар жөнінде де ақпарат ала алады. 

Оның үстіне сall-орталыққа хабарласып, көктемгі егісті жүргізуге қатысты отандық ғалымдардың ұсыныс-кеңестерін білуге де мүмкіндік қарастырылған. 

Естеріңізге салатын болсақ, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның сall-орталығы 2008 жылы құрылған. Бұл желі арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері аграрлық саланы мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі ақпаратты біліп, «ҚазАгро» холдингісінің еншілес кәсіпорындары беретін жеңілдетілген несиелер турасындағы мәліметтермен қаныға алады. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені үшін қажетті барлық материалдық-техникалық ресурстар мен қызмет түрлерін ұсынатын жекеменшік компаниялар жөніндегі ақпарат жайында хабардар болу мүмкіндігі тағы қарастырылған.   

Айта кетерлігі, бұл желіге кез келген оператордың ұялы нөмірінен және еліміздің кез келген аймағындағы стационарлық телефоннан тегін хабарласуға болады. Желіні құрудағы басты мақсат – шаруалардың ақпараттық-кеңестік қызметтерге деген қолжетімділігін арттыру. Былтырдан бері желіге келіп түскен сауалдар күрт артқан. Мұның себебі Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» холдингісі тарапынан қарастырылған мемлекеттік қолдау құралдарының артуы, желі туралы ақпараттың шаруаларға көптеп жеткізілуінде.  

Байланыс орталығына хабарласқандар қазақ-орыс тілдерінде ақпарат ала алады. 

Сall-орталығының қызметі жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қолжетімді (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін). Жұмыс уақытынан тысқары мезгілде хабарласқандардың қойған сауалдары таспаға жазылып, кейіннен операторлардың назарына ілінеді.  

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның байланыс орталығы 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша жұмыс істейді. 

Жалпы, биыл «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд. теңгені бағыттауды жоспарлап отыр, оның 40 млрд. теңгесі - бюджеттік несие. Ағымдағы жылы да егіс жұмыстарына арналған несиелер еншілес компаниялар арқылы былтырғыға ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі. Бұдан басқа «ҚазАгро» алғашқы рет көктемгі егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады. Бұл мақсатқа бюджеттік несие қаражатынан 20 млрд. теңге бөлінді. Егін егуге арналған несиелік қаражаттың жаңа көзі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес шаруаларды қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында  қарастырылды. Айта кетерлігі, Ұлттық холдингтен егіс жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн. га жерде агротехникалық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Анықтама:

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның («ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы) миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін компания өзінің ауылдық кеңес беру орталықтары арқылы қазіргі заманғы ең озық ақпараттық технологияларды пайдаланып шаруалардың ақпаратқа деген қолжетімділігін арттыруда. 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында   2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.