Web Content Display

Басына қайту

Web Content Display

2017 жылдың басты көрсеткіштері

2017 – 2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркісіптік кешенің дамыту бағдарламасын қабылдау
121МЫҢ 
ТОННА
АСТЫҚТЫҢ, МАЙЛЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ САТЫЛУЫ

АӨК дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның 8 міндетінің 4-еуі Холдингтің қатысуымен іске асырылуда. Оның ішінде: ұсақ және орташа шаруашылықтарды кооперацияға тарту; ішкі нарықты толтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту; мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану; ауылшаруашылық тауар өндірушілерін (бұдан әрі – АШТӨ) техникамен және химизация құралдарымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

Қорыта келгенде:
  • егістік жұмыстарын жүргізуге арналған өсімдік шаруашылығында 176 АШТӨ-ні біріктіретін 11 ауылшаруашылық кооперативі жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге қаржыландырылды, ал мал шаруашылығында 7 390 фермерді біріктіретін 11 ауылшаруашылық кооперативі жалпы сомасы 20,2 млрд теңгеге қаржылындырылды;
  • 176,4 мың тонна жоғары протеинді бидай, 143,2 мың тонна арпа сатып алынды; 24 мың тонна астыққа, 1,3 мың тонна күнбағысқа және 420 тонна қарақұмыққа форвардттық келісімшарттар жасалып, қаржылындырылды;
  • Саны 121 мың тоннаға астық, майлы өсімдік өнімдері және өсімдік майының экспортқа сатылуы жүзеге асырылды.
  • 40,2 млрд теңге сома тұратын 2000-нан аса бірлік техника АШТӨ-ге лизингке берілді.
Қазақстан -Венгрия тікелей инвестициялық қоры 2 қазақстандық жобаны қаржыландырды

Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялық қоры (бұдан әрі - Қор) жалпы сомасы $22,4 млн теңгеге Қазақстандағы ауылшаруашылық жобаларын инвестициялауға арналған мәмілелер жасады.
Аталған сома $19,4 млн көлеміндегі Қор инвестициясын, голландық жеке компанияның $1 млн сомасын және қазақстандық жеке компаниялардың $2 млн сомасын қамтиды.
Қор қызметінің аясында Қазақстанның жобаларына тартылған шетелдік тікелей инвестицияның жалпы көлемі $10,8 млн-ды, қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі $11,6 млн құрады, оның ішінде «ҚазАгро» Холдингі» АҚ жобаларды қаржыландыруға $9,6 млн бөлді.

$10,8МЛН

ҚР АӨ К САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖО БАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНА ҚАТЫСТЫ ШЕТЕЛДІ

Астық қолхатының электрондық нысанына көшу

Бидай сатып алу аясында сатып алу бағдарламасына қатысу өтінімдері тұңғыш рет электрондық нысанда, астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінде www.qoldau.kz. веб-порталы арқылы қабылданады.

Ауылдарда қарызға берудің кепілдік ету жүйесін енгізу

«ҚазАгроКепіл» АҚ еншілес компаниясы ауылдардағы әлеуетті қарыз алушылар үшін несиелік қаржының қолжетімділігі мақсатында микроқаржылық ұйымдар және несиелік серіктестер ұсынатын қарызды кепілдеу құралы енгізілді.

2017 жыл бойынша осы бағдарлама бойынша өтінім мақұлданды

187

Кепілдік келісімшарты жасалды.

248

Сомасы

981МЛН 
ТЕҢГЕ
«AgroInvest Forum-2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форум
Форумның негізгі мақсаты - қазақстандық бизнеске серіктестер іздеуге септігін тигізу, инвестициялық капитал тарту, АӨ К-де бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен келешек мүмк індіктерді талқылау.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - АШМ) қолдауымен ұйымдастырылған форум дүниежүзінің 18 елінен 200-ден аса қатысушыны, оның ішінде шетелдік ірі инвестициялық және қаржылық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік агробизнестің 40 шақты өкілдерін біріктірді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - АШМ) қолдауымен ұйымдастырылған форум дүниежүзінің 18 елінен 200-ден аса қатысушыны, оның ішінде шетелдік ірі инвестициялық және қаржылық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік агробизнестің 40 шақты өкілдерін біріктірді.
Іс-шара қорытындысында 2 келісім, 4 меморандум және Қазақстанның АӨК шағын және орта мекемелеріне несие беру үшін сомасы 100 млн еуроға Еуропа инвестициялық банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арасында қаржылық келісімшартқа қол қойылды.

АСА187ҚАТЫСУШЫЛАР
ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ18ЕЛДЕРІНЕН
40ШАҚТЫ 
ИНВЕСТОРЛАР
Холдинг пен «ЭКСПО -2017» арасындағы серіктестік
КӨРМЕНІ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІНДЕ "ҚАЗАГРО " ХОЛДИНГІ " АҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНА КЕЛУШІЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ
20 МЫҢ 
АДАМДЫ 
ҚҰРАДЫ

«ҚазАгро» Холдингі» АҚ Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуіге серіктес ретінде қатысты. Көрмеде Холдинг көрсеткен экспозиция ауыл шаруашылығында «жасыл» технологияны пайдалануға арналған болатын. Холдингтің көркемдік инсталляциясы жайлауларды суландыру процесін бейнелеген.

Стендті көруге келушілердің Холдингтің ресурс үнемдеу технологияларын пайдаланатын жобаларына виртуал саяхат жасауға мүмкіндіктері болды.