Web Content Display

Басына қайту

Web Content Display

Web Content Display

ҚҰРМЕТТІ СЕРІКТЕСТЕР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздердің қолдарыңызда - 2017 жылғы «ҚазАгро» Холдингінің жылдық есебі. Бұл құжат былтырғы жыл бойы біздің ұйымның айналысқан қызметі мен істеген жұмысының топтастырылған сипаттамасы болып табылады. Ізденімпаз оқырман бұнда көрсетілген ақпараттық деректердің, сандардың, диаграммалардың астарынан Холдингтегі жұмыс күндерінің қуаты мен қажырын, жеңісті сәттердің тәтті дәмі мен сәтсіздіктердің ащы тұсын да оңай сезіне алары сөзсіз.

2017 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» Холдингі» АҚ несиелік портфелі 622 млрд теңгеге дейін өсті, ал қарызгерлердің саны 58 мыңға дейін көбейді. Бұл елімізде жұмыс жасап жатқан ауылшаруашылық өнімін шығарушылардың үштен бір бөлігі болып табылады. АӨК-ті қаржыландырудың негізгі көзі бұрынғыша Холдингтің жеке және тартылған қаражаты болып отыр – олардың жиынтық үлесі 60% -ды құрады.

Былтырғы жылғы кезеңде «ҚазАгро» компаниялар тобы шамамен 22 мың несие берді, Холдингтің бағдарламасының АӨК субъектілерін қамтуы елеулі түрде арта түсті. Қарыздың орташа сомасы 11 млн теңгені құрады. Бұл 52 мың адамды жұмыспен қамтып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Ауылдардағы бизнеске қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру аясында және жекеменшік қаржылық ұйымдарды агросекторға несие беруге тарту мақсатында Холдинг оларды қорландыру көлемін арттыруда. Екі жыл ішінде несиелік серіктестіктер, микроқаржылық ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) және лизингтік компанияларды қорландыру арқылы несие беру көлемі 21%-дан 37% -ға дейін өсті.

Жалпы, 2017 жылы Холдинг отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді қолдауға 267 млрд теңге жұмсады, оның 92%-ы АӨК субъектілеріне несие беруге бағыттады.

Жүктелген миссиясына сәйкес, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 2017-2021 жылдарға арналған Халықты Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы секілді стратегиялық және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты.

Өкінішке орай, саланы қаржыландыру бойынша қызмет жүргізу барысында Холдинг бірқатар сыртқы факторларының теріс ықпалына ұшырады. Атап айтқанда, 2017 жылғы бірнеше екінші деңгейдегі банктің экономикалық жағдайы тұрақсыз болып, сонымен қатар ұлттық валюта бағамы төмендеді. Осы себептердің салдарынан орын алған залал-шығындар туралы ақпарат та Жылдық есептің беттерінде көрініс тапты.

Сөз соңында біздің ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге, серіктестерге, акционерлерге, Холдинг және оның барлық еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне еліміздің аграрлық секторы және жалпы Қазақстан Республикасының игілігі үшін бірлесе істеген жұмыс, жасампаз еңбегі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сала алдына қойылған барлық міндеттерді толық көлемде орындайтынымызға кәміл сенемін. Әрбір отбасына береке-бірлік, амандық-саулық

Құрметпен, 
«ҚазАгро» Холдингі» АҚ 
Басқарма төрағасы Н. Малелов