Web Content Display

ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ компаниялар тобының қаржыландыруы үшін басым бағыттарды іске асыру жоспары.

І) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «ҚазАгро» холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Директорлар кеңесімен 2017 жылғы 5 шілдеде мынадай қағидаттар бойынша еншілес акционерлік қоғамдардың оларды қаржыландыруы үшін басым бағыттарды іске асыру жоспары шеңберінде көрсеткіштердің орындалуын бекіту бекітілді:               

1. Холдинг Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – АӨК) шеңберінде басым бағыттарды іске асыру үшін ресурстарды тарту бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр;

2. Бірқатар басым бағыттар бойынша индикативтерді бекіту Холдингтің қаржы және еңбек ресурстарын барынша шоғырландыруды қамтамасыз ету үшін қажет;

3. Холдинг басым бағыттар шеңберінде, оның ішінде қаржы институттарын (несие серіктестіктері, микрокредиттік ұйымдар, екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) және лизингтік компаниялар) қорландыру жолымен қаржыландыруды жүзеге асыратын болады;

Холдингке келесі бағыттар бекітілді:

  • кооперативтерді, жеке қосалқы шаруашылықтарды, шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуге жеке кәсіпкерлерді қаржыландыру;
  • жаңа кәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға, кеңейтуге инвестициялық жобаларды қаржыландыру;
  • шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру.

2019 жылы индикативтік көрсеткіштерді қаржыландыруды жеңілдікті қаражат (РБ, ҚР ҰҚ және ҚК-ні ұлғайтуға ұсынылған қаражат) және Холдинг пен еншілес акционерлік қоғамдар капитал нарықтарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

ІІ) 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығымен:

1) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - Корпорация) және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) басшылыққа алатын шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде несие беру және шағын несие беру қағидалары:     

Қор бағдарламаны Игілік, Егінжай, Кәсіпкер, Ынтымақ, Сыбаға несие бағдарламалары арқылы жүзеге асырады (несиелеу шарттары Қордың сайтында). Қосымша ішкі нормативтік құжаттарды (бұдан әрі – ІНҚ) әзірлеу талап етілмейді.

Корпорация соңғы қарыз алушыларға кейіннен несие  беру үшін Несие серіктестіктері мен Микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы Іскер несие бағдарламасы арқылы Бағдарламаны іске асырады (несие беру шарттары Корпорацияның сайтында). Қосымша ІНҚ әзірлеу талап етілмейді.

2) "ҚазАгроКепіл" АҚ (бұдан әрі - ҚАК) басшылыққа алатын ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және несие серіктестіктері беретін шағын несиелер бойынша кепілдік беру қағидалары:

ҚАК, өз кезегінде, "ҚазАгроКепіл" АҚ-ның кепілдік беру тәртібін регламенттейтін шағын несиелерді кепілдендіру бойынша қызмет регламентін (ҚАК Басқармасының 17.04.2017ж. шешімімен бекітілген); шағын несиелерді/ несиелерді кепілдендіру комитеті туралы ережені; сондай-ақ қаржылық жағдайды анықтау әдістемесін (ҚАК Басқармасының 01.11.2017 жылғы шешімімен бекітілді) әзірледі және бекітті.

2019 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай индикаторлар анықталды:

  1. ауылда берілген шағын несиелер саны - 12 000 бірлік;
  2. ауылда берілген кепілдіктердің саны - 320 бірлік;
  3. ауылда қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі - бөлінген соманың 20%-ы.

Қаржыландыру бағдарламаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Нұрмағамбетов Берік Рақымжанұлы, 8 (7172)705-643, b.nurmagambetov@kazagro.kz ескерту.

 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы